Өзімше бір мақтанып,Хат жазғанмын ағама.«Аға, қазір хат танып,Жарып жүрмін бағаға.Сұрақтарға кідірмейБере аламын жауапты.Диктант болса, мүдірмейЖаза аламын сауатты».Ағам жауап жолдапты,Жетіп келді бес күнде.Оқып шығып ол хатты,Көрсетпедім ешкімге!..
