Бүгін қатты ұйықтаппын,Бір кез шошып ояндым.Сағат сегіз боп қапты,Қар басыпты үй алдын.Татқам да жоқ тамақтан,Асып-сасып киіндім.Кешіктім деп сабақтан,Өз-өзімнен күйіндім.Біраз жер бар мектепке,Біздің одан үй алыс...Аптығыппын мен текке,Жетіп келсем — демалыс!
