Айгөлек-ау, айгөлек

Көлдей шалқып жас өмір,
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
Асып шатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай
Өсер бала болар ма
Күміс күлкі көрмей ол
Кемеліне толар ма.

Айгөлек-ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде (3 рет)
Би билеймін дөңгелеп.

Асыл сөздің ұстасы-
Ақын болар ұрпақпыз
Өнер, білім, еңбекке,
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз,
Тұла бойы толған бір
Өнер болар ұрпақпыз.

Айгөлек-ау айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек,
Айдай толған кезімде (3 рет)
Би билеймін дөңгелеп.

Пользователь: Мадина Молдагали