Гүл көктем

Авторлары:А.Маханбетова,А.Асылбеков
 
Көктем күні жеткенде,
Жаңбыр жауып өткенде.
Гүлдер желек жаяды,
Белестерде, бөктерде.
Секілденіп ебелек,
Желбір қанат жебелеп.
Гүлден гүлге қонақтап,
Көлбеңдейді көбелек.
 
Қайырмасы:
Гүл – көбелек,
Көбелек – гүл.
Бұл керемет,
Керемет бұл.
 
Көбелек пе, гүл ме гүл,
Екеуі де түрде бір.
Көбекек те, гүл де гүл,
Айырма жоқ, бірде бір.
Гүл ме, мейлі, көбелек,
Бөліп жару не керек?!
Табиғаты тамаша,
Екеуі де керемет.

Қайырмасы:
Гүл – көбелек,
Көбелек – гүл.
Бұл керемет,
Керемет бұл.

Пользователь: Мадина Молдагали