Дос болайық бәріміз

Сөзі: Х.Талғаров
Әні: И.Нүсіпбаев
 
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті
Еңбекті сүйіңдер.
 
Қайырмасы:
Дос болайық, бәріміз
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
 
Қайраттанып қарышта,
Озып шыққын жарыста.
Батыл бас, жас ұлан,
Самға биік алысқа.
Жұлдыздарға, ғарышқа,
Бойда күш тасыған.
 
Қайырмасы:
Дос болайық, бәріміз
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
 
Отан – біздің панамыз,
Аман жүрсін анамыз.
Нұрлы күн сөнбесін,
Бақыт болып жанамыз.
Жарық біздің санамыз,
Қара бұлт төнбесін.
 
Қайырмасы:
Дос болайық, бәріміз
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз! 

Пользователь: Мадина Молдагали