Күншілдің күңкілі
Қарға тыңдап бұлбұлды,
Қатты қынжылды,
Қабағы түйілді,
Бұлбұлға бұлай бұйырды.
—
Немене сонша шырылдап,
Көрінгеннен жыр ұрлап.
Жылаудан басқа білмейсің,
Өмірі бір күлмейсің,
Еңірейсің, сарнайсың,
Ылғи ғана зарлайсың,
Неге бір қаттырақ,
Тыңдауға жақсырақ,
«Қақ» — дейтін дауыс таппайсың,
Мұнымен жанға жақпайсың,
Айда жөнел, кет! — деді.
Басқа айтуға ақыл жетпеді.
Күншілдің сол ғой күңкілі,
Бүкпесіз, бірақ, шын сыры,
Бұлбұлды сөйтіп қарғаған
Сақтасын құдай қарғадан.
Пайдаланушы: Мадина Молдагали
Ақын: Асқар Тоқмағамбетов