Бөпем

Бөпеме ызам келеді,
Бір жыласа көнбейді.
Тек мамасын емеді,
Тамақ берсем жемейді.
Мен алтыға толғалы
Бәрін жақсы дей берем.
Тамақ болса болғаны,
Тәттіні де жей берем!

User: Мадина Молдагали

Poet: Кадыр Мырза Али