Бұл қалай?

Мен де бірі екенмін
Қолды-аяққа тұрмастың.
Айтуынша әкемнің,
Құлыныммен құрдаспын.
Желп-желп етіп тұлымым,
Бәріне таң қаламын.
Ат болды өсіп құлыным,
Мен неге әлі баламын?!

User: Мадина Молдагали

Poet: Кадыр Мырза Али