Елтаңба

Бейнелеп сан ғасырды,
Елтаңбасы елімнің.
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.

Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмайды шаңырақ.

Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ Орданың төрінде.

User: Мадина Молдагали

Poet: Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы