Менің отбасым

Авторлары:Л.Сүйінбаева, Е.Сейдахмет
 
«Құлыным!» деп өбеді,
Мейірім- нұрын төгеді.
Тиянақты әр ісі,
Анам үйдің - ырысы!
 
Құйылғандай құрыштан,
Шаршамайды жұмыстан.
Күшті, шымыр білегі,
Әкем үйдің - тірегі!
 
Жанашырым, жақыным,
Айтар маған ақылын
Таусылмайтын жыр-әні,
Әжем үйдің - шуағы!
 
Елге сыйлы, қадірлі,
Бағалайтын әр күнді
Тындырымды, үлгілі,
Атам үйдің-білгірі!
 
Жалқауланып жатпаймын.
Тақпағымды жаттаймын.
Үлкен болып олардың,
Үмітін мен ақтаймын!

Пользователь: Мадина Молдагали