Тілашар әні

Авторлары: Л.Сүйінбаева, Р.Наурызбаева
 
“А” деп айтсаң алтыным,
Анаң шығар алдыңнан.
“Ә” деп айтсаң жарқыным,
Әжең шығар алдыңнан.
 
А-а-ата де,
Берші маған бата де.
Ә-ә-әже де,
Берші маған көже де.
А-а-апа де,     
Болма маған қапа де.
К-к-көке де,
Қатаң болма өте де.
 
Б деген ол бала ғой
Ойынға бір қанбайтын.
Әкем менің дана ғой,
Ақыл айтып талмайтын.
 
А-а-ата де,
Берші маған бата де.
Ә-ә-әже де,
Берші маған көже де.
А-а-апа де, 
Болма маған қапа де.
К-к-көке де,
Қатаң болма өте де.
 
 О дегенім отбасы,
Отан одан басталар.
Тату болсақ,достасып,
Қызығады басқалар.
 
А-а-ата де,
Берші маған бата де.
Ә-ә-әже де,
Берші маған көже де.
А-а-апа де, 
Болма маған қапа де.
К-к-көке де,
Қатаң болма өте де. (2 рет)

Пользователь: Мадина Молдагали