Топ-топ, балақан

Сөзі: А.Асылбек
Әні: М.Арынбаев

Біздер – үйдің гүліміз,
Біздер – үйдің күніміз.
Ата-анаға қуаныш,
Біздің әсем үніміз.
Біздер – үйдің сәніміз,
Біздер – үйдің нәріміз.
Әр күн бірге қосылып,
Ән саламыз бәріміз.

Қайырмасы:
Топ-топ, балақан,
Шапалақта алақан.
Топ-топ, балақан,
Шапалақта алақан.

Мәпелеген анамыз,
Әке деген – панамыз.
Кәмпит берсе біздерге,
Шын қуанып қаламыз.
Аман болсын анамыз,
Аман болсын панамыз.
Аман болса екеуі,
Жұлдыз болып жанамыз.

Қайырмасы:
Топ-топ, балақан,
Шапалақта алақан.
Топ-топ, балақан,
Шапалақта алақан.

Пользователь: Мадина Молдагали