Сөзі: Н. Исабаев
Әні: С. Қалымов
Біз бақытты баламыз еркелеген,
Тыңдап өстік ән мен күй, ертегі, өлең.
Туған жердің аймалап самал лебі,
Отан-ана біздерді мәпелеген.
Қандай жақсы бақытты балалық шақ!
Қандай әсем ойнаған қозы-лақ.
«Құлыным», - деп әкешім еркелетсе,
«Балапаным», - деп анам жаяр құшақ.
Ата-анамның менмін ғой бала шағы,
Әдептілік балаға жарасады.
Жақсы азамат боламын өскенде мен,
Балалар ғой елімнің болашағы.
Өнеріне халқымның бас иемін,
Тыңдап өскен бабалар өсиетін.
Мен қазақтың баласы өнер сүйген,
Қадірлеген елінің қасиетін!