Кіріңіздер! Берірек жүріңіздер, Ауыл-аймақ аман ба? Осы күні Елді аңсаған адамның бірі біздер. Жігіттер, шешініңдер! Өз үйіңдей көріңдер, көсіліңдер, Алағызып тұратын болып алдық, Елден біреу келмесе осы күндер. Келіңіз,
Келіңіздер! Мәре-сәре боп қалдық тегі біздер, Шай да қайнап тұр еді, Төрге шығып, Жастық алып, жайғаса беріңіздер. ...Қала дәмі, Алыңыз, Алыңыздар! Мынадай да бір-бірді бәріңіз де ал! Шүкіршілік, ақсақал, Жүріп жатқан осындай хәліміз бар. Ер қатарлы ...Асығыстық жасаса осы ініңіз, Кешіріңіз, ақсақал, кешіріңіз. Жөн сұрасып алсақ па деп жатырмын. Кешіріңіз! Кім еді есіміңіз?