Ақ жүрегін тербетіп, Ер көңілін желдетіп, Ақсүйектің баласын Қара ұлына теңгеріп, Қоңыраулы найза өңгердім. Жетімдерге жем бердім, Жесірлерге жер бердім. Ақырында, дүние-ай, Сол ерліктен не көрдім?! Жолдасқа билік бермедім, Кешегі хан үстіне барғанда, Ақсүйектің баласы Бақадай шулап тұрғанда, Ерлікпенен алданып, Өзіме-өзім қас қылдым. Сырлы зерен аяқпен Бал ұрттаған ер едім, – Бұл уақыттар болғанда, Көктей өтіп Жайықты, Бір қасық ішкен қара су Жұмасына ас қылдым. Осы жақта мен өліп, Артымда тірі сен қалсаң, Жасөспірім Жақияны, Жолдасым, саған тапсырдым.