Жасыл тыныштық

Күн ыстық. 
Айналам 
жасыл тыныштық. 
Жанарың қай жақты қармасын 
жап-жасыл. 
Жап-жасыл 
сай-сала, қырат та, 
жап-жасыл 
дәп қазiр жауап та, сұрақ та. 
Жап-жасыл 
дүние үстiне 
жасыл бояуды құясың. 
Автоқаламдай 
өзiмдi малам да 
сорғызам денеме 
осынау 
жап-жасып табиғат сиясын. 
Ойпаңға дамылдап 
шығамын белеңге, 
жап-жасыл 
әрiп те, өлең де!

Пользователь: Мадина Молдагали

Поэт: Темірхан Медетбек