Көздедің... көзден тұрып... тез атпадың,
кідіріп, сонша неге созақтады - Тұрдың ба
білейін деп, апыр-ау, сен ішінде ібілістің не жатқанын. Біз үшін осы болып барлық үлгің, - алдында қанды қырғын... сәл кідірдің. (Куәсі болып ек-ау біз де талай
қапысыз құламерген -
дәлдігіңнің!) Түбіңе жете жаздап сол кідіріс,
ақыры,
айта жүрер болды бір іс - (Бұл дағы
әлдекімнің есебінше
әйгілі азаматтың ерлігі-мыс!) Түңіліп тумаласы,
ұлты боқтап, жауынды жамандай ма
жұртың оттап.
Мақтасын,
мақтамасын, атпағасын - кісіге керегі не
мылтық оқтап!
26 ақпан, 2006 жыл
Пользователь: Мадина Молдагали
Поэт: Сәкен Иманасов