Жас
кеттім туған үйімнен,
Көп
кездім қала жатағын,
Әйтеуір
–
бала
күнімнен
Басталды
менің сапарым.
Жататын
–
үйді
жылытып,
Жол
қамын жасап анашым,
Қып-қызыл
шоқты үгітіп,
Қыздырып
қара табасын.
Абдырап.
Іштей
сүйініп,
Ұстатып
нанды қолыма,
Тұратын
ұзақ –
Сыйынып
Даланың
қара жолына.
Таба
нан –
анам
пісірген
Бір
жүрді талай жолдарда,
Аман-сау
қайтып...
Ішімнен
Сыйынушы
едім сол нанға.
Жыл
сайын –
ұшып
келем мен
Ауылға
барып,
ойнақтап,
Аспан
ғой қанша дегенмен,
Келеді
түрлі ой қаптап.
Отырам
бірақ жайланып,
Қызықтап
таудың ақ басын,
Анамның
ыстық ақ наны
Бірге ұшып келе жатқасын...