Көктемгі дала

Жап-жасыл... 
Дүниенің жасыл бәрі. 
Жап-жасыл – 
Бұлттар да анау асудағы. 
Осынау кереметті көргісі кеп, 
Дертіп тұр 
жасыл бүршік ашылғалы. 
Жас өрім – 
Жасыл дәннің алаптағы, 
Көркіне көзді үйіріп қаратқаны. 
Барады бірте-бірте жасылданып, 
Құстың да қалтыраған қанаттары. 
Жап-жасыл – 
жазықтағы жел есілген, 
Шығарған жел екенін о да есінен. 
Шайқалып, 
шалқалақтап жасыл егін 
Сипайды көкжиекті денесімен. 
Талдар да тербетіліп, 
гүл де ашылып, 
Қызығып күннің өзі шыңға шығып, 
Тұрғандай елтіп-балқып бар дүние 
Жас дәнмен бір қозғалып, 
бір басылып...

Пользователь: Мадина Молдагали

Поэт: Сағи Жиенбаев