Жапырақтар қарғып түсіп теректен...

Жапырақтар қарғып түсіп теректен, 
Бет-бетіне кетті шулап кенеттен. 
Бір бұтақтың бойындағы бар көркін 
Бір-ақ сәтте тонап кетті жел-өктем. 
Қалды қатып бұтақтар да, талдар да, 
Жапырақсыз олар да сән қалған ба? 
...Жапырақтай көрік берген жаныңа 
Жақыныңнан айырмасын жалғанда.

Пользователь: Мадина Молдагали

Поэт: Сағи Жиенбаев