Ал, балам, білгеніңнен білмесің көп, өмірде ағат кетсең кім кешірмек? Азырақ ақыл айтар әкең саған абайсыз отты басып жүрмесін деп Қатайып қол-аяғың шыңға шықсаң, болады тілекшіңнен күндесің көп Жалғанда жүрегің мен көзіңе сен, жарытпас құлағың мен тіл досың боп Жол біреу болған менен бұрылыс көп, пендеге бір қалыпты күн кешу жоқ
Көрінер бәрі жақсы алғашында, гүлдің де тікені өсер дәл қасында Қолыңда ақшаң менен мәнсап болса-ай, көбейер жолдасың да, туысың да Баянсыз мына дәурен екі келмес, алатын биігіңді ал жасыңда Жандының бәрі де тең жаратылған, бірдей көр аққуын да қарғасындай Жаныңда кім қаларын Құдай білер, бір күні жалғыз қалсаң жар басындай