Қарашығым!

Қарашығым!
Ән тербеп өскен елдің баласымын, 
Әнмен айтсам жете ме жүрегіңе, 
Сырларымның сап таза, сап асылын. 
Сағым далам - 
Сұлулықты жырлаудан жаңылмаған. 
Махаббатты анамдай әлдилеген, 
Әлдилеген ғажайып лағыл ғалам - деп жырлаған ақын. 
Ақ! Ақ!- дедім, Ақ! - дедім. 
Ақ іздедім өмірден, 
Арманым да арнадан, 
Ақ нұр болып төгілген, 
Қап-қараңғы түнде де 
Менің сүйген жанымның 
Айдай жүзі жарқырап, 
Ақ сәуле болып көрінген.

Пользователь: Мадина Молдагали

Поэт: Есләм Зікібаев