Асқар таудың сәні жоқ

Асқар таудың сәні жоқ, 
Төрт түліктің қонысы, 
Басылмайтын сысы, 
Көк майса белі болмаса; 
Өзен, судың сәні жоқ, 
Өрлеп құнай қонатын,
Жағасы малға толатын, 
Аймақты елі болмаса, 
Қопалы жердің сәні жоқ, 
Тұңғииқ мөлдір үйірім, 
Көз болжамас қийырын, 
Айдын көли болмаса. 
Ақ ауылдың сәні жоқ, 
Топталып жылқы үйездеп, 
Ноқталы құлын күйездеп, 
Тартқан желі болмаса, 
Шешендіктің сәні жоқ, 
Сөзіне сүттей ел ұйып, 
Қолтығына ел, 
Басына бақыт қонбаса. 
Қайырсыз байдан пайда жоқ. 
Нашарға жёрдем бермесе. 
Кем - кетікти көрмесе, 
Көн болып қатса сіреуі, 
Екіге сатса біреуи, 
Несиенің өсіми, 
Мөлшерлі жоқ кесімі, 
Үзбей құйса, толмаса. 
Сұлулықтың сәні жоқ, 
Көрсе қызар күлкі ғой, 
Шаруа истемей, посыльный бой, 
Жол саудаға жолдаса, 
Би мен бектің сәні жоқ, 
Елін қорғай алмаса, 
Тура жолға салмаса. 
Ыстығына күймесе, 
Суйғына тоңбаса; 
Батырлықтың сәні жоқ, 
Түн ұйқысын төрт бөлип, 
Елерген тұлпар ерттеліп, 
Толғаулы найза қолға алып, 
Тұйғын құстай толғанып, 
Сары садақ асынып, 
Егескен жауды ырып, 
Ұлын қорып жауынан, 
Ереулеген егер дауынан, 
Тұтамдақ оқ жонбаса; 
Бәрін айт та, бірін айт, 
Ұғынар мұны ел гайда, 
Елді бастар ер қайда? 
Аға сұлтан, абыздар, 
Еліңди қамап, көрге айда, 
Барса келмес жерге айда. 
Күш кеткен соң қолыңнан, 
Зарлаудан, Сарнау не пайда?

Пользователь: Мадина Молдагали

Поэт: Дулат Бабатайұлы