Он бес деген жас қайда?

Он бес деген жас қайда? 
Жарға ойнаған лақтай. 
Қайда кеттің жиырма бес, 
Тастаныққан бұлақтай? 
Жыырма бес бар ма маңайда, 
Жайқалған жасыл құрақтай? 
Отыз кеттің алыстап, 
Толықсыған сынптай 
Отыз бес, неге келмейсің, 
Көз іздетип жылатпай? 
Қырық астың кезеңнен, 
Суырған қыннан қынатпай. 
Қырық бес шықтың кезеңге, 
Маң - маң басып бұла аттай. 
Елу қондың ауыл үй, 
Тізгиндеп ұстап құлақтай. 
Алпыс келдің арсаңдап, 
Нөсер жауған ылаттай. 
Жетпіс қараң көринді 
Тұрсам - дағы ұнатпай. 
Сексеннен алған хабардың 
Ызғары тұр шыдатпай. 
Көргім келмес тоқсанды, 
Келіндерге сынтпай. 
Жүз, сірә, мені қоймассың, 
Қараңғы көрге құлатпай.

Пользователь: Мадина Молдагали

Поэт: Дулат Бабатайұлы