Қарға
қаздай байпаңдап,
Болғысы
келді байсалды - ақ
Үйренген
байғұс секектеп,
Жүре
алмады қойқаңдап,
Кете
берді шойқаңдап.
Қаңқылдаймын
деп қарқылдады.
Орынсыз
қиқулады.
Жауыр
көрсе жалтақтай берді,
Басы
құрғыры қалтақтай берді.
Сонымен
сөйтіп,
Өйтіп-бүйтіп
Қаз
болғысы келген қарға...
Бола
алмады,
Желге
де төзе алмады,
«Қақ»
деді де ұшты,
Өзінің
«таз қалпына» түсті.
Әрине,
қарға қаз болмайды,
Қарға
болғысы келген
Қаз да оңбайды.