Ұрқияға айтқан аужары

Аққу кетіп қос көлдің қазы қалды, жар-жар-ай, 
Қысы кетіп мешіннің жазы қалды, жар-жар-ай. 
Біраз назым тотыға айтпай болмас, 
Көбі кетіп дәуреннің азы алды, жар-жар-ай.
Түйін болып көңліме кетеді, жар-жар-ай, 
Бір айтатын серінің назы алды, жар-жар-ай. 
Кеше туған жас қызды шалдар алды, 
жар-жар-ай, жар-жар-ай, 
Толғанатын оларда несі калды, жар-жар-ай. 
Ғашықтықтың қисабы асып еді, 
Ескеретін қалқаның несі қалды, жар-жар-ай. 
Ақ қағаздың бетіне тарттым сия, жар-жар-ай, 
Жібересің сұлуды кімге қия, жар-жар-ай. 
Мәликедей ақ жарқын жаңа едіңіз, жар-жар-ай, 
Кеткенің бе алысқа, сен Ұрқия, жар-жар-ай? 
Бұл жалғанда кетпес деуші ем, жар-жар-ай, 
Енді емен бол, қарағым, уә дариға, жар-жар-ай.
Жібектей оратылған қолаң шашың, жар-жар-ай, 
Қийлған қандай сұлу екі қасың, жар-жар-ай. 
Ләззат пен сұлу көркем бәрі бірдей, 
Қай затқа бағаланар сенің басың, жар-жар-ай. 
Ақ көйлектің жағасын ырға тартқан, жар-жар-ай, 
Машинамен қандай қып шырға тартқан, жар-жар-ай. 
Көп қыздардың ішіндетоты дана, жар-жар-ай, 
Қияз жүзді асылдың хорға тартқан, жар-жар-ай. 
Ақ маңдай, қарақат көз сүйген сәулем, 
Секілді нәзік белің сымға тартқан, жар-жар-ай, 
Көлбеңдеп дәл алдымнан өткенің де, 
Бағалы жүйрік аттай сға тарқан, жар-жар-ай. 
Бар назымды жеткіздім бір өзіңе, жар-жар-ай, 
Білесін жазылғанын қандай қаттан, жар-жар-ай. 

Пользователь: Мадина Молдагали

Поэт: Ақан сері Корамса-улы